Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада рухани-адамгершілік жаңғырудың бірқатар мәселелері талықыланды

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2017
  • 2312

Астанада Еуразия халықтары қауымдастығының отырысы өтті. Халықыралық жиында  рухани-адамгершілік жаңғырудың бірқатар  мәселері талықыланды. Маңызды шараға түрлі елдердің ғылым мен мәдениет қайраткерлері, дінбасылар мен мемлекет қызметшілері бас қосты. Қауымдастық отырысы ерекше пікір алмасу алаңына айналды. Халықаралық жиын Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған. Отырыста конференцияға қатысушылардың атынан Үндеу қабылданды. Онда қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы, гуманизация, мәдени өсу жолындағы әрекеттерді арттыра түсу жайы айтылды. Бұл Үндеу Еуразия халықтары қауымдастығының биыл жыл соңында Парижде өтетін отрысында да оқылатын болады.

Төлеген Мұхамеджанов, халықаралық «Рухани келісім конгресі» қоғамдық қорының президенті:

Келе жатқан рухани күнге байланысты тәжірибе алмақшы, бөліспекші. Өйткені шынында біздің мемлекетімізде Елбасының қолдауымен 25 жыл болды. Рухани келісім аталып келе жатыр. Ең бірініші, әрине, халықаралық  діниаралық  қарым-қатынасқа үлкен үлесін қосып келе жатқан үлкеннің біреуі. Енді ертең 18 қазанда оны атап өтеміз. Үлкен концерт болады соған арналған.

Олжас Сүлейменов, ақын, қоғам қайраткері:

Бұл жерде Халықтар ассамблеясының Үлкендер кеңесін құруды талықылаймыз. Осы кеңеске мені де шақырды және оның қатарына қабылданғаныма қуаныштымын. Менің ойымша, кеңесте жұмыс істеу маңызды және қызықты болады.

Рухани келісім күні елімізде жыл сайын көптеген қайырымдылық шараларымен қатар аталып өтеді. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, 18 қазанда еріктілер әлеуметтік тұрғыдан тұрмысы төмен отбасыларына мыңнан аса азық-түлік жиынтығын таратып бермек.