Русский Сайттың толық нұсқасы

Темір жол билеті қымбаттады

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2019
  • 4187

Елімізде темір жол билеттері қымбаттады. Облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10 пайызға артқан. Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Билет құнын өсіруге не себеп? Асылбек Данияр анықтап көрді. 

Поез билеттерінің бағасы өткен сенбіден бастап өскен. Алдымен "Нұр-Сұлтан-Шымкент", "Нұр-Сұлтан-Қостанай" бағытындағы билеттерде байқалған. Тарифтердің өсуін мамандар, тасмалдаушылардың шығындарын субсидиялауға арналған шартта көзделгенін айтты.  

Жәнібек ТАЙЖАНОВ, ҚР ИИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жолаушыларды тасымалдау бағасының базалық ставкаларының өсуіне байланысты тарифтердің өсуі 10 пайызды құрады. Неліктен қымбаттады деген сұраққа келер болсақ, вагондар паркін жаңарту және жөндеу мен күтіп ұстауға арналған шығындарға байланысты және бюджетпен жабылмайтын шығыстарды жабу үшін қажет.

Бұл өзгеріс әзірге діттеген жерге жылдам жеткізетін "Тұлпар - Тальго" пойызын айналып өткен. Бағасы онсыз да қалтаны көтере бермейтін жүрдек поездардың да билеттерін қамбаттатуды жоспарлап отыр.  

Дархан КӘРІБАЕВ, ҚР ИИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Билеттерге байланысты бұл жерде заң жобасына тұжырымдама әзірленуде. Бұл тұжырымдамаға заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгіледі.

Сала мамандарының айтуынша, жолаушылар тасмалдау бағасы соңғы 5 жыл ішінде көтерілмеген. Тарифтер ғана инфляцияға байланысты 7 пайызға дейін өскен. 

А. Данияр