Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастар арасында жүрек аурулары дендеп барады

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2019
  • 3228

Жастар арасында жүрек аурулары дендеп барады. Дәрігерлердің айтуынша, дерт әсіресе жаңа туған нәрестелерде және 35 жастан асқандарда жиі кездеседі. Алаңдаған ақ халататтылар бүгін Президент іс басқармасы медициналық орталығында "Ашық есік" күнін ұйымдастырды. Мұнда кардиолог мамандар келушілердің қан қысымын өлшеп, жүрек ауруларының алдын алуды түсіндірді.

Тұрар КЕНЖИНА, ТЕРАПЕВТ ДӘРІГЕР: 

Әлем бойынша жүрек қан тамырлары ауруынан 15 млн. астам адамдар қаза болады. Мұндай қауіпті жағдайдың болмауы, әркімнің өз қолында. Консервіленген, газдалған заттарды аз қолдану керек. Майлылығы аз сүт өнімдерін қолдану керек. Майлы заттарды, көбіне етті көкөністер мен бұршақтарға алмастыру керек.

Дәрігерлер: жастар арасында жүрек қан тамырлары ауруларының көбеюіне, алкогольді ішімдіктер, темекі, фаст-фуд тағамдарын шамадан тыс қолдану себеп,- деді. Бір ғана Президент іс басқармасы медициналық орталығына жыл сайын 300-ден астам түрлі операция жасалады. Дәрігерлердің айтуынша, емделушілердің басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан келеді. Халықаралық статистика да көңіл көншітпейді. Қазақстан- Еуразия аумағында жүрек қантамырлары аурулары бойынша алдыңғы орында тұр.