Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық дәрігерлердің ісінде медициналық қателік болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, - Е. Біртанов

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2019
  • 2065

Бас бостандығынан айыру секілді ауыр бұлтартпау шарасын қолданудың қажеті жоқ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов алматылық қос дәрігерге қатысты осындай пікір білдірді. Ол мамандар білікті болған соң, ары қарай да жұмыс істеуін құптайды. Қазір бұған қатысты «Кәсіби міндетін дұрыс атқармады» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Ведомсво нақты сараптама жүргізілуін бақылауда ұстап отыр. Министр бұның дәрігерлік қателік болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. 

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Осы мәселе бойынша позициямыз нақты. Тек заңның арқасында тиісті сараптамалар өткізілуі қажет. Тек қана сол зерттеудің, анықтаудың негізінде білеміз науқастың көз жұмғанына дәрігерлер байланысы бар ма жоқ па? Тек қана содан кейін түсінікті болады. 

Еске салайық, анестезиолог Асқар Тұңғышбаев пен №4 аурухананың бұрынғы бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың үстінен іс қозғалды. Қос дәрігер полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң, екі айға қамауға алынған еді. Алайда Президенттің тапсырмасынан кейін, дәрігерлер қолхатпен бостандыққа шықты.