Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздық студенттер қос университеттің қосылуына қарсылық білдірді

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2019
  • 4086

«Жемқорлық жайлаған Университетте оқымаймыз». Осылай деген тараздық болашақ мұғалімдер, қос университеттің қосылуына қарсы. "Педагогикалық Университет, Тараз мемлекеттік Университетімен бірігеді" дегенді естіген студенттер, наразылықтарын ашық білдірді. 

Тараз мемлекеттік Педагогикалық Университетінің 50 жылдан аса тарихы бар. Ол мұғалім даярлайтын аймақтағы жалғыз оқу ордасы. Студенттердің айтуынша, кеше министрлік өкілдері келіп, Тараз мемлекеттік университетімен бірігетіндерін жариялаған. Студенттер бұған қарсы. Олар ақпарат құралдарынан араша сұрап отыр.  

Ерсұлтан НҮСІПЖАН, ТарМПУ-нің 3 КУРС СТУДЕНТІ: 

Қоғам куә біздің педагогикалық университет парасаттылыққа, өзінің жемқорлыққа қарсы нөлдік имунитеті қалыптасқан сутденттерді қалыптастырып келеді. Тараз мемлекеттік студенттердің пікірінше олар бізден сұрайды шыны керек: «Нешемен жабасыздар?», «Жоқ ондай болмайды» деп мен шынымды айтам.

Ғалия АБЫЛАЙ, ТарМПУ-нің 4 КУРС СТУДЕНТІ:

Біздің педагогикалық университет нағыз ұстаздарды даярлауда биік тұрады деп ауыз толтырып айта аламыз. Екі университеттің бағыты екі түрлі болып тұр ғой. Сондықтан, сәл сапанының төмендеуіне әсер ете ма деген күдік бар бізде.

Ал, Тараз мемлекеттік Университетінің тарапы студенттердің бұл пікірін жоққа шығарды.   

Гүлмира АМАЛБЕКОВА, ТАРМУ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МЕДИА КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Студеттердің қосылмаймыз дегенге келтірген өздерінің фактісі шығар. Бірақ бізде ондай дерек жоқ, жалған ақпарат бұл. Тіркелмеген. Қосылғанда тұрған ештеңе жоқ, өйткені, екеуі де бір өңірдегі жоғары оқу орны ғой.

Ал, педуниверситеттің басшысы бірігу жұмыстары басталып кеткенін айтты. Айтуынша, бірігу арқылы білім базасы күшейіп, халықарылық жоғары оқу орындарымен терезе теңестіре аламыз деп сендірді. 

Ержан ӘМІРБЕКҰЛЫ, ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:  

Білім және Ғылым Министрлігінің жасап отырған саясаты дұрыс деп ойлаймын. Бұған байланысты әлі Үкіметтің қаулысы шыққан жоқ. Бұл күн тәртібінде тұр, бірақ жұмыстар басталып кетті. Енді екі Университеттің бір құқықтық-ұйымдық нысаны болады. Бірақ, кадрлық әлеуеті де, студенттеріне де ешқандай салқыны тимейтіндей, зардабы болмайтындай мәселе бұл жерде қарастырылады.

Айта кетейік, бір жыл бұрын ғана институттан педагогикалық университетке айналған бұл білім шаңырағында 29 бакалавр мамандығы бар. Магистратура мен докторантурасын өз алдына.  

Данияр ӘЛІМҚҰЛ, ТІЛШІ:

Оқу орны өз тарихында бірнеше рет бірігу мен қайта бөлінуді бастан кешіп келеді. Бұл жолы студенттер қарсылық көрсеткенімен, университеттер министрліктің бұйрығын орындауға кірісіп кеткен.  

Д. Әлімқұл