Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мүгедек жандарға арналған ипотекалық бағдарлама жоқ!»

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2019
  • 3272

«Мүгедек жандарға арналған ипотекалық бағдарлама жоқ!». «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалындағы «Фракция күні» жобасы аясында өткен қоғамдық қабылдауда мүмкіндігі шектеулі жандар осы мәселені көтерді. I-ші топтағы мүгедек Ерлан Құрманғазин - 2013 жылдан бері үй кезегінде тұр. Басында жеке баспанасы болмағандықтан, пәтер жалдауға мәжбүр. Ал үй кезегінің алға жылжитын түрі жоқ - деп налыды. Сондықтан ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ипотекалық несиелер берілсе деген ұсынысын да жеткізді. Алайда, ондай мәселе облыстық деңгейде шешілмейтіндіктен, құзырлы органдар оны- Парламент қарауына жіберетіндігін айтты. Сондай-ақ, ол 17 жылдан бері мүгедектерге арналған емдеу-сауықтыру жолдамасын ала алмай отырғанына шағымданды. 

Ерлан ҚҰРМАНҒАЗИН, ТҰРҒЫН: 

Түсініктем алдым. Келесі жылы қаржы қосымша көбейтіледі деп хабар берді жана. Енді ол сұрақ шешілуде. Биыл 1000 адам барса, келесі жылы 2000-ға жуық адам курортный санториный лечение қабылдай алады. 

Қоғамдық қабылдау шарасына жалпы саны 150-ден астам тұрғын келді. Оларды мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар мен әкімдер қабылдады. Көпшілігін әлеуметтік мәселелер толғандырады. Ақсу қаласының тұрғыны Борангүл Ақылбекованың баласы туғанынан сал ауруына шалдыққан. Сондықтан оны далаға шығару, емханаға апару қиындық тудырады. Жиын барысында осындай мұқтаж жандарға қол арбалар тарту етілді. Бұл партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жасалған игі шара. Құрылғылар- демеушілердің көмегімен алынған.  

Борангүл АҚЫЛБЕКОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Алдында басқа коляска болған. Үлкендеу болды бұл балаға. Былай ыңғайсыздау болды. Далаға шығарғанда есік алдына отырғызып қоямыз енді. Онымен көшеге шығу енді ыңғайсыз мына балаға. Ал енді мына коляска жақсы оңды екен. Ыңғайлы екен. Рахмет барлығына.

Ө. Қуанар