Жаңаөзенде дәрігерлер палатаны дезинфекциялау кезінде кварц шамдарын шамадан тыс қолданып, нәтижесінде төрт жасар бала мен оның әпкесінің көзі күйіп қалды. Оқиға балаларға арналған инфекциялық ауруханада болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала анықталмаған вирустық гепатит диагнозымен Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасына түскен. Дәл сол күні медицина қызметкерлері науқастарға ескертпестен, кварцтық дезинфекциялау жұмыстарын жүргізген. Кейін бөлмеде болған бала мен туысы көздерінің аурығанын сезіп, ақ халаттыларға шағымданған.
- Мынау сестренкам, балама қарап отырған. Мінекей, екі көзі ашылмайды вообще.
- Не затқа күйдірдіңдер көзін, айт не зат қосытыңдар?
- Квартц қостық.
- Қайда қосыңдар комнатаға ма, коридорға ма?
- Комнатаға қосытық. Міне, комнатаға қосқан кварцты, балам вообще көзін ашпайды.
Ләззат ЕСЕНҒАЛИЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта зардап шеккен әйел мен бала үйлеріне жіберіліп, оларға қажетті ем көрсетілуде. Ал, немқұрайлылық танытқан ауруханың бөлім меңгерушісіне ескерту жасалды. Тағы екі медбике өз еркімен қызметінен кетті. Аурухана басшылғы жағдайды әрі қарай бақылауда ұстайтын болады.