Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында ұялы телефонды жанына алып жатқан оқушы қаза болды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2019
  • 7397

Алматы облысында ұялы телефонды жастанып жатқан 14 жастағы оқушы қыз токқа түсіп көз жұмды. Қайғылы жағдайға түнде телефонын қуаттағышқа қойып ұйықтап қалуы себеп болған. Жұртты жіпсіз байланаған телефонның зияны жөнінде Әсем Лесбек тарқатады.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қайғылы оқиға осыдан екі күн бұрын Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылында болған. 14 жастағы оқушының қаза тапқанын жақындары таң атқанда бір-ақ білген.  

Көбейхан НҰРАХМЕТ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу жұмыстарының нәтижесінде 14 жасар қыздың ұялы телефонын зарядтау үшін токқа қосып, ұйықтап қалғаны белгілі болды. Салдарынан мектеп оқушысын ток соғып қаза тапқан. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер істі жазатайым жағдай ретінде тіркеді. 

Мамандар телефонды 30-50 см қашықтықтан қарау керек деп кеңес береді. Және қуаттағышта тұрған телефонды мүлдем қолға алмаған жөн дейді.

Айбек АКАЕВ, ТЕЛЕФОН АППАРАТЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Телефонды қуат көзіне негізінен 3 сағаттан артық қоюға болмайды. Артық қоятын болса, батарейка жарты жылдың ішінде құрып кетуіне себепкер болады. Содан кейін жарылыстар содан пайда болады. Зарядкаға қойып тұрып телефонды қолданған кезде одан көп радиация бөлініп, адам өміріне қауіп төнеді. 

Дәрігерлер смартфонға деген тәуелділік баланың жүйке жүйесін бұзып қана қоймай, көз жанарын да құртатындығын айтады. Смартфонды ересектердің өзі күніне жарты сағат немесе 40 минуттан артық қолдануға болмайтын көрінеді. 

Қайырғали КОНЕЕВ, БАЛАЛАР НЕВРОПАТОЛОГЫ:

Балаға 5-6 жасына дейін телефон ұстатпаған дұрыс. Әйтпсе, бала мектепке бармай жатып, көзілдірік тағады. Ал жасөспірімдер смартфонды жиі қолданатын болса, азғадағы майда сүйектер өзіне білінбестен шытынай бастайды. 

- Жиырма сағатымыз қазір телефонмен өтеді. Себебі қазір телефон арқылы табыс тауып отырмыз. Бір жағынан біздің сабақтарымызға көмектеседі. 

- Ұялы телефонды жалпы он сағат деп айта аламын. Елестете алмаймын қазір ғаламторсыз мүмкін емес сияқты өмір сүру.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Елде ұялы телефоннан зардап шегіп, көз жұматындар қатары жыл санап көбеймесе азаймай тұр. Осыдан 2 ай бұрын Шымкент қаласында да 23 жастағы жеткіншек телефоннан ток соғып қаза болған еді. Былтыр да 9 бен 14 жастағы оқушылардың ажалы осыдан болды. Сондай-ақ, 3 жыл бұрын Ақтауда да 7 айлық сәби телефон қуаттағышына токқа түсіп, көз жұмған. Ол қайғылы жағдай кезінде де анасы ұйқыда жатыпты. 

Ә. Лесбек