Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда отбасы мүшелері бір-бірімен айтысты

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2019
  • 2877

Алматыда отбасы мүшелері арасында айтыс өтті. «Nur Otan» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған додада әже мен немере, әке мен бала, аға мен іні бір-біріне қарсылас болды. Аламан жарыста 7 бірдей жұп өнер көрсеткен. Сөз сайысында олар бала тәрбиесі, жастарды адал еңбекке, отаншылдыққа баулу және қоғамды тәрбиелеу сынды отбасылық құндылықтар жайында ұтымды ойлар қозғады. Айта кету керек, партияның қолдауымен мұндай айтыс алғаш рет ұйымдастырылып жатқан жоқ. Бұған дейін Атырау және Қарағанды қалаларында өткізілді. Енді Нұр-Сұлтан және Орал қалаларында өткізу жоспарланып отыр.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Айтыс біздің керемет жақсы өнеріміз. екінші дубль деегн жоқ мына жерде. Қарағандыда мысалы мен ойлап отырмын, керемет жақсы ұсыныстар берілді. Болашақта сол өңірлердің басшылары қолға алып, болашақта сол сұрақтарды шешеді деп ойламын.

А. Мутали