Алматыда әскери билет сатпақ болған полиция қызметкері мен қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері тұтқындалды. Сотта күдіктілер ісі дәлелденсе, шенеуніктерді қандай жаза күтіп тұр? Әріптесім Әсем Лесбек тарқатып айтады.
Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен полицияның лауазымды тұлғалары әскери билет береміз деп 470 мың теңгені қалтаға басқан деп айыпталып отыр.
Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бөлім бастығының міндетін атқарушы азаматы мен полиция басқармасының кезекші бөлімі инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл азаматтар әскери қызметті кейінге қалдыру және азаматтарға әскери билет беру айыбымен жалпы сомасы 470 мың теңге ақша қаражатын бірнеше рет алаяқтық жолмен иемденген деп күдіктелді
Қылмыстық іс бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады. Егер күдіктілер кінәлі деп танылатын болса, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Станислав ЛОПАТИН, ЗАҢГЕР:
Аударма. Алаяқтық бабы бойынша сот күдіктілердің мүлікін тәркілеп қана қоймай, 3 жылдан 7 жылға дейін тұтқындайды. Тұлғалардың лауазымына қарап полицей немесе қорғаныс департаменті деп жеңіл жаза түрлерін қарастырмау керек.
Әскери билетті сату проблемасының бірнеше қыры бар. Соның бірі жастардың денсаулығына да қатысты.
Ернұр БЕЛГІБАЕВ, УРОЛОГ ДӘРІГЕР:
Қазір көптеген жасөспірімдердің бізге келетін себебі варикацелит ауруымен әскерге алмайды деп. Сонымен бізге операция жасатуға келеді, біз жасап береміз. Варикацелия, Гидроцелия, жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушіліктері болады. Уақытында дәрігерге қаралмағандықтан, аурулары созылмалы түрге ауысып асқындырып алады.
Айта кетейік, елімізде бұған дейін мұндай алаяқтық жолмен ақша алды деген айыппен Екібастұздағы Қорғаныс бөлімінің инспекторы айыпталған еді. Сондай-ақ Түркістан облысының Қорғаныс істері жөнінідегі департаменті өкілдері де айыпталған болатын. Ал Алматыдағы шенеуніктердің әрекеті сот шешімінен соң белігілі болмақ.
Ә. Лесбек