Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы құрылыстарды мерзімнен кешіктірген компаниялары "қара тізімге" енуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2019
  • 2794

«Нұр Отан» партиясының мүшелері Алматыдағы құрылыс жұмыстарының сапасыз орындалуы және  бірнеше объектілер құрылысының кешігуін сынға алды. "Құтты Мекен" бағдарламасы аясындағы жұмысты тексерген қалалық мәслихат депутаттары құрылыс компанияларын сотқа беру керек деп отыр.  Партия мүшелері мердігерлердің қара тізімге ену қаупі бар екенін айтты.

№ 4 перзентхана жанынан салынып жатқан қосалқы ғимарат құрылысы екі жыл бұрын басталған. Құрылыс компаниясы нысанды 2018 жылдың соңында тапсыруы керек еді. Алайда, арада бір жыл уақыт өтсе де жұмыс аяқсыз қалып келеді.
 
Вячеслав ПАК, АЛМАТЫ қ. №4 ПЕРЗЕНТХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:


2018 жылғы желтоқсаннан мамырға дейін мұнда құрылыс алаңы тоқтап қалды. Біз бірнеше осы мәселе бойынша денсаулық сақтау басқармасына, жайлы қалалық орта басқармасына жүгіндік.


Құрылысшылар «Жас - Қанат» шағын ауданындағы жеті көпқабатты үйді уақытылы өткізбеген  Олар жұмысты өткен айдың соңында аяқтауға уәде берген дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Борис Жапаров.

Борис Жапаров, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ  АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Жанымызда тұрған мына үйдің төбесі де жабылмапты.  Қазір енді күз болды. Бұл құрылыс осы айдың жиырма бесіне біту керек еді. Бірақ жұмыс тобы өкілдерінің, мамандарының пікіріне қарағанда бұл жылдың аяғына дейін бітсе жақсы болады. Бұлар осы айдың 25-іне бітіреміз дейді бірақ шындыққа жанаспайды.

Мерзімінің айтарлықтай кідіруіне қарамастан, мердігер компания, жағдай бақылауда екенін айтады. Бас маман Дәулет Еламанов, бүгінде жұмыстың 95 пайызы аяқталған деп отыр. Бірақ іс жүзінде бұл керісінше», - дейді «Нұр Отан» партиясының мүшесі Роза Бадаева. Партия мүшелері жосықсыз құрылыс компанияларын «қара» тізімге қосуға ниетті.

Роза БАДАЕВА, АЛМАТЫ қ. "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
 
2018 жылы декабрьде бітетін мынау роддомның престройкасы бітпеді. Сонымен оларды перзентханаға қосымша жасалған зат. Соны біз потконрольге аламыз. Сұраймыз "NUR OTAN" и тырысамыз. Шамамыз келгенше биыл 2019 жылы бітіруге.

«Жұмысшылар ауылы» мөлтек ауданында су және кәріз желілерін салу кезінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Жауапты құрылыс компаниясы қателіктерді жақын арада жоюға уәде берді.

А. Данияр