Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында 8 жыл бойы салынған қазандықтың құрылысы енді аяқталды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2019
  • 1682

Шығыс Қазақстан облысында 8 жыл бойы салынған қазандықтың құрылысы енді аяқталды. Жауапты мердігер банкротқа ұшырап, құрылыс тоқтаған. Осы уақытқа дейін жергілікті тұрғындардың үйі мен үш колония мазутпен жылытылып келді. Дегенмен халық суық үй болғанын айтады. Бұл проблема бизнесмендер мен билік өкілдері араласқаннан кейін ғана шешімін тапты. Олар қазандықтың құрылысын аяқтап, қолданысқа берді.

Қабырғада, төбеде және еденде де жарықтар. Тиісті жабдықтар тек жартылай ғана орнатылған. Осындай күйдегі 2 миллиард теңгенің қазандығы 8-ші жыл өтіп бір-ақ аяталды. Ол 2013 жылы пайдалануға берілуі керек болған, дегенмен мердігер қарызға батып, нысан құрылысы тоқтап қалды. Ол Қылмыстық атқару комитетінің қарамағында болды.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Менің ойымша, мердігер қашып кетті, тіпті алыс  жерге кетіп қалды. Біз «Свинецстрой» компаниясынан бұл жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауды өтіндік. Айта кету керек, пайдалануға беріліп жатқан қазандықтың сапасы жоғары.

Жазда жұмыс комиссиясы қазандыққа техникалық зерттеу жүргізді.  Жобалаушылар нысанды 500 миллион теңгеге аяқтауға келіскен. Ал құрылысшылар жылу электр стансасын 200 миллион теңгеге бітіріп берді. Енді жаңа қазандық мазутпен емес, көмірмен жұмыс істейді. Бұл бюджетті едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді, дейді мамандар.
 
Қайрат АХМЕТОВ, ҚУАТ БЕРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жанармай қазандығы әлі тұр. Пайдалану шығындары жыл сайын  қазандықты ұстауға шамамен 500 миллион теңге жұмсалды. Бұл қазандық шамамен 70-80 миллион теңге жұмсайды, жеткізу сапасы әлдеқайда жоғары болады, жабдық жаңа.


Шуақ ауылының  500 жуық отбасы ұзақ жылдар бойы жылу бір келіп, бір келмейтініне шағымданып келді. Қыста үйлердегі температура мазуттың сапасыздығынан 10 градустан  көтерілмеген.

Назгүл ТҰРСЫНҒАЗИНОВА, ШУАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді жылуды жақсы береді деп ойлаймыз.
 
Ауылда бірнеше биік ғимарат, мектеп және үш түрме бар. 10-ншы қазанда құрылысшылар жаңа қазандықты іске қосып, барлық нысандарды жылумен қамтамасыз етпек. Ауыл тұрғындары жаңа жылу маусымында коммуналдық қызметтерге аз ақша төлейміз деп үміттенеді.

А. Данияр