Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 71 жастағы көлік жүргізушісі 71-дегі құрдасын қағып кетті

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2019
  • 1938

Павлодарда 71 жастағы көлік жүргізушісі құрдасын қағып кетті.  Оқиға «Сенім» сауда үйінің жанында реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында болған. Әзірге  жол көлік оқиғасының неден болғаны белгісіз. Қатты соққыдан 1948 жылы туған  зейнеткер түрлі дене жарақатын алған. Алайда, оған дәрігерлер араша бола алмапты.  Марқұм ауруханда көз жұмды. Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр. Ал көлік айып тұрағына қойылған. Айта кететін жәйт, заң бойынша көлік жүргізуге жас шектеуі қарастырылмаған.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы факті бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ө. Қуанар