Русский Сайттың толық нұсқасы

«Климаттық әділеттілік» үшін

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2019
  • 3097

Әлемде жаһандық жылынуға қатысты төтенше жағдай жариялануы тиіс. Осылай деген табиғат жанашырлары әлемнің 60 қаласында бір уақытта ереуіл өткізді. Оған мыңға жуық адам жиналды. Лондонда 300-дей адам қамалған.

Қызыл-жасыл киім кигендер мен тұнжыраған адамдар. Бірінішісі жойылудың аз-ақ алдында тұрған жануарларды белгілесе, екіншісі қазіргі жер бетіндегі бар жануарды көрсетіп жүр. Бұл кезекті рет өткен Extinction Rebellion назарлық шарасының негізгі көрінісі. Дүйсенбіден бері жағдай біршама ушыға түскен. Трафальгар алаңына жиналған 300-дей адамды жергілікті билік тұтқындап әкетті. Соған қарамастан олардың тарайтын түрі жоқ. Британдықтар билік тек өзіне керектіні ғана ойлап, климатты мүлдем ысырып қойған деп айыптайды.

Дайана ДЖОНС, БЕЛСЕНДІ (ҰЛЫБРИТАНИЯ):

Менің ойымша, бұл ісіміз бекер секілді. Климаттың өзгеруіне қатысты істің баяу жүріп жатқанына қатысты көңіліміз толмайтынын айтқымыз келді. Үкімет Брекситтен басқа ештеңе ойламайды.

Осыған ұқсас толқулар басқа елдерде де болды. 60 шақты қала халқы үдере шықты. Сиднейліктер автожолды жапса, ең жас белсенді Грета Тунберг "климаттық әділеттілік үшін" маршын бастап, оңтүстік Дакоте қаласын жүріп өтті. Ал Берлиндегілер Тиргартен алаңында бас көтерді.

Карола РАКЕТЕ, «SEA-WATCH» КЕМЕСІНІҢ КАПИТАНЫ (ГЕРМАНИЯ):

Мен мамандығым бойынша экологпын.  Жаһандағы жылыну процессіне үкімет ештеңе жасамай отыр. Соның кесірінен бізге климаттық дағдарыс жақындап келеді. Бұның барлығы адам қолымен жасалған дүние.

Нью-Йоркте 200 белсенді климатты жерлеу акциясын өткізді. Ал Парижде 100-ге тарта адам Шат алаңындағы көпірде түнеді. Осылайша аз ғана уақыттың ішінде белсенділер қатары күрт көбейіп, миллиондаған адамның назарын өздеріне аударды.
 
Франсуаза ЛУАЗО (ФРАНЦИЯ):

Біздің қолымызда ешқандай да қару жоқ. Біздің мұнда шындықты айту үшін келдік.  Сондықтан, билік бұған бір әрекет етіп, ғаламшарымыздың жойылып кетпеуі үшін  жағдай жасау керек.

Extinction Rebellion ереуілі  әлем климаттық төтенше жағдай жариялауын талап етті. Бірақ, нақты қандай шара қолданып, қалай күресу керектігі жайлы ұсыныс жоқ. Десе де, белсенділер бұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта Британияда тағы 30 мың адам шеруге шығады деп күтіліп отыр.

Ө. Қуанар