Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияның Сирияға қарсы әскери іс-қимылы салдарынан сириялық 8 тұрғын қайтыс болды, "Sana" ақпарат агентігі

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2019
  • 3271

Түркияның Сирияға қарсы әскери іс-қимылы салдарынан сириялық 8 тұрғын қайтыс болды. 20-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Sana ақпарат агенттігі. Түркия тарапынан да қаза болғандар бар. Онда 14 әскери қызметкер көз жұмды. Тілшіміз толықтырады.

Бұл - Түркияның Акчакале қаласынан Сирияның солтүстігіне бет алған әскери техника. Олар «Бейбітшілік қайнары» әскери операциясы аясында, Сириямен шекарасы маңын күрдтерден, ДАИШ террорлық тобынан тазартуды көздейді. 

Сирияның Тель-Абьяд қаласындағы көрініс - осы. Түрік әскерилері 181 нысанға соққы жасап үлгерді, қолда бар ақпаратқа сүйенсек, 8 адам қайтыс болып, 20 дам жарақаттанған. Қамышлы қаласында да осыған ұқсас жағдай. Халық қаладан бас сауғалап қашуда. 

СИРИЯ:

 
Біз ауылымыз жақтан екі танкіні көрдік. Атыс-шабыс басталып, балаларымыз зардап шегіп қалар деп басқа жаққа кетуді ұйғардық. Ауыл тұрғындарының көпшілігі кетіп қалды, бірақ кейбір жастар қалып қалды.

Бірнеше күн бұрын күрдтермен біріккен АҚШ, ДАИШ-ты жеңдік деп, бұл аймақтан әскерлерін шығарған болатын. Енді күрдтер түріктерге қарсы күресте жалғыз қалып отыр. Дональд Трамп, Ердоғанның «бұл жоспары қате» деді. Ол енді санкция жарияламақшы. Дегенмен, күрдтерге көмек қолын созуға асықпайды. Керісінше олардың екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ-қа көмектеспегенін еске салды.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз күрдтерге көмектескенімізде біраз оқ-дәрі, қару-жарақ, ақша да жұмсадық. Бізге күрдттер ұнайды. Олар өз жерлері үшін күресіп жатыр.


Ал Тайып Ердоған күрдтерді лаңкестер деп санайды. Ол өзінің шешіміне қатысты түсінік берді. 

Режеп ТАЙЫП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:


Мақсатымыз айқын, «лаңкестер дәлізін» жою. Сирия Ұлттық армиясымен бірге Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігіндегі ДАИШ-пен күрдтерге қарсы күресте үлкен жетістіктерге жетеді, деп есептеймін. Біздің күрес бейбіт тұрғындарға қарсы емес. Оларға қарсы ештеме қолданбаймыз.
 
НАТО-ның бас хатшысы қарапайым халық зардап шекпеуі маңызды екенін баса айтты. Дегенмен, қауіпті аймақта мұндай жағдайдан қашу мүмкін болмай тұр.  

Ә. Өмірзақ