Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына арналған мәдени орталық ашылды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2019
  • 3758

Бүгін Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына арналған мәдени орталық ашылды. Қоғам қайраткерінің 80-жылдығына орай тұрғызылған мұражайдың тұсаукесеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қатысты. Мәдени кешен жазушының өмірі мен шығармашылығы, мемлекеттік қызмет жолындағы еңбектеріне арналған. Мемлекет басшысы жаңа орталыққа ұлы Абайдың картинасын сыйға тартты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Әбіш Кекілбай азаматтық болмыстың жоғары деңгейіне көтерілген біртуар тұлға. Қазақ халқының ұлы перзенті. Халықтың мақтанышына айналған азаматтардың есіміні жадымыздан шығармау баршамыздың парызымыз. Әбіш кекілбай Қазақстанның Еңбек ері деген атаққа ие болған Тұңғыш қаламгер.  


Орталықтың алдына еңселі тұлғаның ескерткіші бой көтерген. Биіктігі 6 метрге жететін мүсін қоладан құйылыпты. Тұғыры гранитпен қапталған. Қаламгердің туыстары жиналғандарға алғыс білдірді.

Дәулет КЕКІЛБАЕВ, ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫНЫҢ ҰЛЫ:

Мен өте қуаныштымын! Әкемді осыншама құрметтеп жақсы көретіндерін байқадым. Сондай тұлғаның ұлы болғанымды мақтан тұтамын. Ерекше тарту үшін көп рақмет!

А. Мутали