Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-сұлтан автобустарында жол ақысын төлеудің басқа әдісі енгізілмек

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2019
  • 2387

Нұр-Сұлтан автобустарында жол ақысын төлеудің жаңа әдісі енгізілмек. Егер банк картасымен төлем жасасаңыз, жол құны арзандайды. Әзірге пилоттық жоба 2 ғана автобуста сыналып жатыр. Мамандар бет-әлпеті арқылы төлем жасауды да ойлап тапқан. Жолаушылар тасымалындағы жаңашылдықтар мен проблемалар жайлы Ғалымжан Өтемісовтың материалында.

Сараланған тариф енгізілгенен кейін тасымалдаушылардың табысы 40 пайызға артқан. Бірақ сонымен бірге шығын да артқан. Астана ЛРТ серіктестігінің басқарма төрағасы Бекмырза Егенбердинов осылай деді. Ол шығыс пен кіріс айырмасы бюджет есебінен жабылуы тиіс деп отыр. Орта есеппен автобус парктеріне жылына 15 млрд теңге қажет. Мамандар әкімдік субсидия бөлмесе болмайды дейді.  

Бекмырза ЕГЕНБЕРДИНОВ, "АСТАНА LRT" ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Егер бюджеттен субсидия бөлінбесе, тарифті көтеру мәселесін қарайтын боламыз. Бірақ, бір жылдық есеп сараптамаларын қарап жатырмыз. Сондықтан, әзірге тарифтік бағаны көтеру жайлы мәселе қарастырылып жатқан жоқ. 

Жолаушы тасымалы проблемасында жүргізушілердің де жетіспейтідігі бар. № 3 автобус паркінің директоры Бауыржан Тілеубергенов мұны елде "д" санатындағы жүргізушілердің аздығымен байланыстырды.

Бауыржан ТІЛЕУБЕРГЕНОВ, №3 АВТОБУС ПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Менің серіктестігімде шамамен 50-ге жуық жүргізуші тапшы болып отыр. Жүргізушілердің көбі оңтүстіктен. Ал ол жақта ірі мегаполис ашылғанын бәріңіз білесіздер. Қазір автобус жүргізушілерінің басым бөлігі өз өңірлеріне кетіп қалды.

Жақында коғамдық көлік қозғалысында жаңашылдықтар да пайда болмақ. Автобустарда "Face Pay" жүйесі енгізіледі. Яғни халық камераға бет-бейнесін көрсету арқылы жол ақысын төлей алады. Қазір құрылғы №10 бағыттағы маршрутта пилоттық жоба ретінде енгізілген. Жоба ұйымдастырушылары ол үшін жолаушының автобус картасы мен ЖСН нөмерін тіркеу жеткілікті деп отыр. Бұл қоғамдық көліктердегі ұры-қарылардың санын да азайтпақ. Жаңашылдық осы аптада сыналмақ.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Бұдан бөлек, №20 бағыттағы маршрутта төлемді банк картасымен жолақысын небәрі 45 теңгеге төлеуге болады. ЛРТ мамандары пилоттық жоба жүзеге асса, келер жылдан бастап жүйе ауқымы кеңейетінін айтты.

Ғ. Өтмісов