Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда тұрғыны баласын құтқарам деп ажал құшты.

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2019
  • 3494

Апаттан келген ажал. Қызылорда қаласында әке мен баланы автобус қағып кетті. Алып көліктің астында қалған баланың әкесі оқиға орнында көз жұмды. Ал төрт жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Автобус жүргізушісі уақытша қамауға алынды.

Туысқандары төрт жастағы бала жөнінде жеке мағлұмат таратуға рұқсат етпей отыр. Дәрігерлер оның хал үстінде жатқанын хабарлады. Автобус астында қалған бала ауыр жарақат алған.

Шарипа ӘЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дәл қазіргі сәтте сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Оған ота жасалды. Баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалап отырмыз.

Полицейлер баланың белгіленбеген жерден жолға атып шыққанын айтады. Оны құтқару үшін әкесі де ілесе жүгірген. Оны мына жантүршігерлік кадрлардан да көруге болады. Жолаушылар көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Ал жиырма жеті жастағы жүргізуші уақытша қамауға алынған.

Нұрбек СЕРІКҰЛЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Оқиға орнында оның жеке мәліметтері анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 345 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Оқиғаның мән -жайы анықталады.

Ақ халаттылар апаттан ауыр жарақат алған сәбидің жанын аман алып қалуға барын салып жатыр. Олар хал үстінде жатқан балаға қатысты қандай да бір болжам айта алмайды.

Ш. Сақтапова