Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық зейнеткер «бақсыға» алданып қалды

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2019
  • 1908

Павлодарлық зейнеткер «бақсыға» алданып қалды. Ол "сал қызыңды ауруынан айықтырамын" деген балгерге қолындағы 1 млн. 200 мың теңгесін бере салыпты. Кейінен оның алаяқ екенін білген тұрғын бірден полицияға шағымданған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер автобус аялдамаларының біріндегі хабарландыруды көріп, бақсыға хабарласқан. Ал кездескенде балгер қызын аурудан құлан-таза айықтыратынын айтқан. Бірақ алдымен ақшасын алған. Зардап шегуші алаяқ әйелдің түр келбеті сығанға ұқсайтынын айтқан. Полицейлер оған іздеу салыпты.

Жанна БІЛӘЛОВА , ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Тұрғындарды алаяққа сеніп қалмауға шақырамыз.


Ал зейнеткердің қызы ұзақ жылдан бері сал ауруына шалдыққан көрінеді. Сондықтан да полицейлер қарт ана бақсыға амалы таусылған соң баруы мүмкін деп отыр. Жыл басынан бері Павлодар облысында 897 алаяқтық іс тіркеліпті.

Ө. Қуанар