Русский Сайттың толық нұсқасы

А. Аймағамбетов: енді мұғалімдерді металл іздегішпен тексермейді!

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2019
  • 3093

Біліктілігін жетілдіру үшін тест тапсыратын мұғалімдерді, енді металл іздегішпен жіті тексермейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Бұған дейін сынақтан өткен педагогтар бюрократиялық жүйеге және тексеру процестеріне қатысты шағым түсірген. Енді қараша айынан бастап, олар тестті жеңілдетілген үлгіде тапсыра алады. Бірақ мұғалімдер тыйым салынған құрал немесе ұялы телефон қолданса, сынақ нәтижесі жойылады, деді. Ал, мектеп директорларының жалақысы қайта қаралатынын айтты.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Директорлардың еңбекақысы мектептегі оқушының санына және жұмыстың қиындығына байланысты боламақ. Яғни, көп оқушысы бар мектеп басшысының жалақысын өсіреміз, себебі оған артылатын жауапкершілік те басым.

А. Асқар