Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада «Береке бірлігіңде, Елім» республикалық ақындар айтысы өтті

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2019
  • 6644

Елордада «Береке бірлігіңде, Елім» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Әр өңірден келген 16 үміткер бақ сынады. Олардың арасында аты шыққан арқалы ақындардан бөлек, жас буын өкілдері де бар. Сөз сайысы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Nur Otan» партиясының тікелей қолдауымен ұйымдастырылған. 

Айтыста ақындар елдің бірлігі мен берекесін, Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы жетістіктерін жырға арқау етті. Ал, ұлттық өнерді тамашалауға келгендердің қарасы қалың болды. Айта кетейін, бұған дейін "Нұр Отанның" қолдауымен мұндай айтыс Атырау, Қостанай, Алматы, Қарағанды қалаларында өткен болатын. 
 
Бауыржан БАЙБЕК,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Халқымызда бір жақсы дана сөз бар: «Шешен көптің тірегі, ақын елдің жүрегі». Сондықтан мына үлкен қасиетті сахнада айтқан сөздер әрине, жүректен шыққан сөздер халықтың жүрегіне жетеді. Енді біз «Nur Otan» партиясының тарапынан Елбасы айтқандай, халыққа жақын екенімізді көрсетіп, осындай көне заманнан келе жатқан дәстүрімізді қолдаймыз. Қазақ қай кезде болса да, саясат қой үлкен сөз тапқан, сөзге тоқтаған. Сондықтан мен ойлайымын айтыс әрқашан мәңгі болады.

Дүбірлі додаға қатысқандардың арасында аты шыққан ақындармен қатар, жастар да бар. Айтысқа енді келіп қосылған өрендер үшін бұл шыңдалып, тәжірибе жинауға таптырмас мүмкіндік, дейді ұйымдастырушылар.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаев өзінң «Рухани жаңғыру» бағдарламасында осы ел бірлігіне аса назар аударады. Себебі, қашан да, қиын-қыстау заманда осы елдің бірлігінің арқасында шыққанбыз. Сонау қиын-қыстау кезде елдің мәселесін көтерген осы айтыскер ақындар. Енді қазір құдайға шүкір егеменді елдеміз, Тәуелсіздігіміз бар, сол көпұлтты мемлекетпіз. Осы бірліктің, еңбектің арқасында біз осындай дәрежеге жетіп отырмыз.
 
Сырым ӘУЕЗХАН, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

Айтыстың бір бет-бейнесі сол көрермендерге байланысты да өзгеріп отырған жайы бар. Бұрын айтыс тек бір әдеби форматта өтетін болса, қазір бірте-бірте шоулық форматқа икемделіп, енді айтыс бұрынан сол қазақ тарихындағы шоулардың бірі ғой. Бірақ, қазір жаңаша сипатқа ие болып жатқан жайы бар.

Айтыс қорытындысы бойынша, бас бәйгені елордалық Еркебұлан Қайназаров иелінді. Ал бірінші орын оралдық Талғат Мықи, екінші орын нұрсұлтандық Бекзат Асқаров пен оралдық Жансая Мусинаға бұйырды. Үшінші орынды Аспанбек Шұғатаев пен Қалижан Білдәшев қанжығасына байлады. Енді қорытынды - "Алтын домбыра" айтысы Орал қаласын өтеді.


Ә. Асқарұлы