Русский Сайттың толық нұсқасы

Латын әріптеріне тағы өзгерістер енгізілмек

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2019
  • 2551

Латын әліпбиіндегі қаріптердің 10 пайызына өзгерістер енгізіледі. Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалымы Анар Фазылжан бүгін БАҚ өкілдеріне осыны жеткізді. Ғалымның айтуынша, диграф әріптерге қатысты да дау әлі жалғасып жатыр. Өйткені әріптер "Юникод" стандартына сай емес. Қолданыста жүрген Ы,И,І,Ш,Ч әріптері де өзгеріске ұшырайтынын айтты.

Анар ФАЗЫЛЖАН, Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ "ТІЛ ҚАЗЫНА" ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒАЛЫМ-ХАТШЫСЫ:

Ш және Ч осы әріптер  әсіресе, сауалнама барысында халықпен пікір алысу барысында көп сұраққа, көп сынға ұшырады. Сонымен жазу барысында да осы әріптермен жазылған сөздерді халық қате оқыды. Мысалы, 3000-нан астам сауалнамашы қатысқан сауалнамада «схема» деген сөзді, әсіресе мектеп оқушылары «шема» деп оқыған.  Енді И мен І-нің бас әріпінің ноқаты екеуінде де жоқ. Сондықтан «Ине» деп жазылған сөзі «Іне» деп оқып кетуі мүмкін. Немесе «Ішік» деген сөзді «Ишик» деп оқу қаупі бар.

А. Данияр