Русский Сайттың толық нұсқасы

«Атамекен» ҰКП палатасына 6 жылда 31 мың адам өтінішпен келген

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2019
  • 1794

«Атамекен» палатасы құрылғанан бері 31 мың адам өтінішпен келген. Соның 40 пайыздан астамы оң шешімін тапқан. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Олжас Ордабаев бүгін қала тұрғындарын қабылдау кезінде айтты. Бұл жолы өзге өңір тұрғындары да палата мамандарымен бейнебайланысқа шығып, мәселелерін жеткізді. Ақтөбелік Әлібек Елеусізов мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бизнеске баулу жайын көтерді.

Басқарма басшылығы зағип жандарды да «Бизнес бастау» жобасы аясында кәсіпке бейімдеуге болатынын айтты.  Қазірдің өзінде бұл бағдарламамен 88 мың адам білім алған. Оның 28 пайызы өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Олжас ОРДАБАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бірінші кезекте кәсіпкерлердің, яғни бизнесті құқығын қорғауға тиіспіз. Адамдар әр түрлі мәселемен жүгінеді. Бірі - әкімшілік құқықтың бұзылғанын айтса, енді бірі заңнамалық тұрғыдан қате кеткенін айтып жатады. Барлығына қолымыздан келгенше, көмек көрсетеміз.

А. Мутали