Жыл басынан бері Атырау облысында бір жасқа дейінгі 156 нәресте шетінеген. Таяуда өңірде орын алған жаға ұстатарлық жағдайдан кейін, тексеріс бастаған денсаулық сақтау министрлігі осындай дерекпен бөлісті. 98 шақалақ облыстық перинаталдық орталықта, ал 54-і басқа медициналық мекемелерде, төрт бала үйде қайтыс болған. Нәресте өлімінің негізгі себебі - жұқпалы аурулар, туа біткен дерт, жазатайым оқиғалар болып отыр.
Людмила БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:
Қайтыс болған балалардың 73,4% шала туған. Салмақтары 500-900 грамм шамасында. Медициналық мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамау салдарынан, қыркүйек айында туған нәрестелерде инфекциялық аурулар көбейген.
А. Аскар