Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтандық полицейлер бірінші топтағы мүгедекті соққыға жыққан

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2019
  • 2482

Ақтаулық Анастасия Мурашева Нұр-Сұлтандық полицейлер соққыға жықты деп шағымданды. Бірінші топтағы мүгедек Анастасия Ақтауға билет алмақ болған. Кассадан мүгедектерге арналған орын талап етіпті. Касса қызметкерімен сөзге келгенін байқаған сол маңдағы полицейлер оны бөлімшеге алып кеткен. Анастасия әшекей бұйымдары мен ақшасын да жоғалтып алғанын айтады.

Анастасия МУРАШОВА, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мені лақтырып жіберіп, ешқайда бармайсың, -деді. Мәселенің мән-жайын осында анықтап, арыз жазамыз деп айтты. Не себепті ұстағандарын сұрап едім, тамағымды қылқындырды. Шашымнан да жұлқылады. Мен де қарап қалмай, біреуін тістеп алдым. Өйткені ол қолыма кісен салып жатты.

Ал полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталғанын жеткізді. Олардың хабарлауынша Анастасия вокзалда мас күйде болған. Әзірге істің ақ-қарасы белгісіз, -деді.

Г. Утемисов