Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде медицина мамандары тапшы

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2019
  • 2154

Қостана облысындағы елді-мекендерде акушер, фельдшерлер тапшы. Кейбір шалғай аудандарда реаниматолог дәрігер жоқ. Ақ халаттылар қалада да жетіспейді. Тұрғындары дәрігерге қаралу үшін бір ай бұрын жазылып, кезегін күні бойы күтеді. Тобыл өңіріндегі аурухана мен емханаларда 350 дәрігер, 500 жүзге жуық орта медицина қызметкері қажет. Заңғар Санай өзекті мәселенің түйінін шешу жолдарын іздеп көрді.

Дәрігерге қаралу үшін әуелі, оған жазылу керек. Сарыла күткен уақытың жеткенде сан сағат тағы кезекте тұрасың ,-дейді зейнеткер Лариса Лещенко. Қолыңа талон тимесе құр қайтуың да мүмкін.

Лариса ЛЕЩЕНКО, ЗЕЙНЕТКЕР:

Алдын-ала жазылудың өзі бір қиямет, белгілі бір уақытта әр айдың жиырма бесінен басталады. Қолыңа да шектеулі талон тиеді. 6-10 адам алуы мүмкін. Одан көп берілмейді. Невропатолог, кардиолог, маммолог секілді мамандар жетіспейді. Егер емханада жалғыз білікті дәрігер болса, сарыла күтіп, соған қаралуға тырысамыз.


Облыстағы емдеу мекемелері орта медицина қызметкерлерге зәру. Нақты айтсақ 493 маман қажет. Күн сайын үш жүзден астам қала тұрғынына алғашқы көмек көрсететін жедел жәрдем қызметіне де жұмысшылар жетіспейді.

Ирина ШТЕЙГЕРВАЛЬД, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІНІҢ БАС ДӘРЕГРІ:

Қазіргі таңда шамамен 150 фельдшер қажет.Облыс бойынша жедел жәрдем бекеттеріне осынша маман жетіспейді.Талапқа сай,әр бригадада  екі медицина қызметкері болуы тиіс.

Жедел жәрдем бекеті Қостанайдағы жалғыз медициналық колледж ұжымымен тығыз байланыста. Оқу ордасын тәмамдаған түлектердің көбісі осында келеді. Фельдшер - Анар Оспанова үш ай бұрын жұмысқа орналасқан. Еңбегіме сай, айлығым да жақсы ,-дейді жас маман. 

Анар ОСПАНОВА, ФЕЛЬДШЕР:

Ең жақсысы мұнда тәжірибе жинап аласың.Және де қиналмайсың.Өйткені сенімен бірге жүретін тәжірибелі фельдшерлер бар.Ол саған бәрін көрсетіп, үйретеді.Көмектеседі керек кезде.


Колледж шәкірттері бүгін облыстық жедел жәрдем көрсету бекетінің жұмысымен танысып, түрлі сынақтарға түсті. Теориялық ілімдерін, іс жүзінде көрсетуге тырысып бақты.

Салтанат ШҮЙІНОВА, СТУДЕНТ:

Бұл практика өте қажет.Себебі адамдар үшін және оларға медициналық жағдайда жәрдем көрсету жөнінде, адамдарға бірінші көмек көрсетуге бұл өте маңызды болып есептеледі.

Жоғары жән орта білімді қызметкерлерді қосқанда, барлығы Қостанай облысына 843 маман қажет. Ауылдық жерлер акушер- гинеколог пен фельдшерлерге зәру. Кейбір алыс аудандарда реаниматолог дәрігер жоқ.

З. Санай