Русский Сайттың толық нұсқасы

Жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр?

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2019
  • 3294

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге сөгіс жарияланды. Оған - Алматы қаласындағы "Селденқорғау Кұрылыс" директорының парамен ұсталуы, себеп болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабар таратты. Дегенмен тергеу жұмыстары әлі аяқталмаған. "Селденқорғау Құрылыс" мекемесі   қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері үшін аталған комитеттің бірқатар басшылары жазаланған. 

Данияр БИГАЙДАРОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ 1-ШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ :


Жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша, ІІМ бұйрығымен қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылығы үшін  ТЖК кадр саясаты басқармасының бастығы Мұхаммедалиев пен төраға орынбасары Дұхазбаев қатаң сөгіс жарияланды.


Бұдан бөлек, құзырлы орган мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдерін жеткізу кезіндегі жемқорлық жайын сөз етті. Мемлекеттік материалдық резерв кезінде ет, сүт, сары май өнімдерін заңсыз өткізуге жол бергендерді атады. Келген залалдың жалпы сомасы 6 миллиард теңгеден асқан.

Анар ЖАРОВА, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ   ПРЕВЕНЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Криминалдық схемаға лауазымды тұлғалардан басқа жеткізуші компанияның өкілдері де қатысқан болатын. Тергеу барысында, мемлекеттік материалдық резервке стандардтардың талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдері қойылатыны анықталды  Қылмыстық жауапкершілікке  24 адам оның ішінде комитеттің 2 бұрынғы басшысы тартылуда.

 А. Данияр