Русский Сайттың толық нұсқасы

«ИМ» террорлық ұйымының жетекшісі Бағдадидің көзі жойылды

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2019
  • 3344

"Ислам мемлекет" террористік ұйымының басшысының көзі ақыры жойылды. Бұл ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі растап отыр. Сирияның солтүстігіндегі Идлиб провинциясында өткен арнайы операцияға Ресей, Түркия және Ирак елдері атсалысқан. Вашингтон оған ДАИШ-қа қарсы басты жеңісіміз деп баға беріп отыр.

"Ислам мемлекеті" лаңкестің ұйымының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің өлімі жайлы ақпарат бұған дейін де тараған. Бірақ бұл деккөздердің ешбірі де расталмай келді. Террорлық топтың жетекшісі Сирия мен Ирактан ығыстырылғаннан кейін қайда екені белгісіз болған. Алайда күні кеше АҚШ президенті Трамп Бағдадидің өлгенін растады. Оның айтуынша, жексенбіге қараған түні Идлиб провинциясында арнайы операция жүргізілген. Американдық жасақ Түркия шекарасына жақын Бариша елдімекеніндегі үйге шабуыл жасап, соңынан әуеден атқылаған.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Енді қауіптің бәрі артта қалды. Ол ит сияқты өлді. Қашып бара жатып, қыңсылап, айқайлап жылады. Ол тұрақтаған үйді қазір толығымен тазартып шықтық. Ондағы адамдар өз бетінше берілді, кейбірі өлтірілді. 11 баланы  қауіпсіз аймаққа жібердік. Әл-Бағдадидің өзі  туннельге қарай үш кішкентай баласын алып қашты. Туннельдің соңына дейін жетіп, кеудесіндегі жарылғыш затты жарып жіберді. Осылайша, өзін және үш баласын өлтірді.

АҚШ президенті операцияға көмектескені үшін Ресей, Түркия, Сирия және күрдтерге алғыс білдірді. Оның айтуынша, Ресей Сирияда Америка қызметі үшін әуе кеңістігін ашып берген. Алайда, Ресей бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Олар американдық жасақтың авиациядан өткенінен хабарсыз. Сондықтан басты содыр көзінің жойылғанына күмән келтіріп отыр. Басқа да әлемдік қауымдастықтар «соғыс әлі аяқталған жоқ» деп болжайды.
 
Эммануэль МАКРОН, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әл-Бағдадидің өлімі -  ДАИШ-қа айтарлықтай соққы болғанымен, бұл олар үшін өтпелі кезең. Халықаралық серіктестерімізбен бірге террористік ұйымның толықтай күшін жою үшін соғысты жалғастыратын боламыз.
 
Әл-Бағдадидің өзі туралы ақпарат жоқтың қасы. Ол 1971 жылы Бағдат қаласында туған. Бағдади жайлы мәлімет алғаш рет 2004 жылы американдықтар оны тұтқындаған кезде тараған. 2006 жылы ол босатылды. Бір жылдан кейін Орталық Ирактағы көтерілісшілердің көшбасшысы болды. Сол кезде бұл топ АҚШ - та "орташа оппозиция" танылып, тіпті қолдау тапқан. Оған қазіргі марқұм сенатор Джон Маккинмен тускен сурет дәлел. Ол кезде Ақ үй де, Маккин де оның екі жылдан кейін әлем үшін ең қауіпті топқа айналарын сезбеген. Көп ұзамай Бағдадидің басы үшін штаттар 25 миллион доллар сыйақы тағайындады. 

Соңғы деректор бойынша, ДАИШ-тің жаңа көшбасшысы болып Абдулла Кардаш тағайындалған. Әл-Бағдади оны тамыз айында мұрагері еткен. Лаңкестік топ бір кездері Сирия мен Ирак аумағының 40 пайызын усында ұстап келді. Қазіргі күші әлсіреді. Дегенмен сарапшылар түрмеде отырған содырлар интернетті пайдаланып, басқа халиф құруы мүмкін деп болжайды.

А.  Мүтәлі