Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысындағы 11 елді мекеніндегі қарасты жалғыз аурухана жабылмақ

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2019
  • 4038

Қызылорда облысының 17 мың тұрғыны бар Қамыстыбас ауылдық округі ауруханасыз қалуы мүмкін. Медициналық мекеме қызметкерлері жұмыссыз жүреміз бе деп уайымдайды. Жабылуға қаржының тапшылығы себеп көрінеді. Жамбыл облысындағы тілшіміз Асылбек Даниярдың репортажы.

Гүлзипаш Ақмағанбетова - 15 жылдан бері  қан қысымы тұрақсыз болғандықтан гипертониялық ауру бойынша кезекте тұрады. Көбіне зейнеткер ауруханаға ауыр жағдайда келетінін айтты.

Гүлзипаш АҚМАҒАНБЕТОВА, БЕКБАУЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мына больница жабылады дейді. Мен қалай күн көремін? Менің түнде жүрегім ұстайды. Мына Аралға бар дейді. Аралға жету үшін қанша уақытым кетеді. Барғанда мені қабылдаса жақсы. Портал дейді. Осынша уақыттан бері ашық тұрған больница ғой бұл. 90- жылдың кезінде ашық тұрған больница. Мынандай жақсы заманда неге жабылады. Соған түсінбедік.

11 елді-мекен қарайтын жалғыз аурухананың жабылуы тұрғындар арасында дүрбелең туғызды. Ең жақын маңайдағы аурухана 90 шақырым жердегі Арал қаласында.

Есқұл АҚМАҒАНБЕТОВ, БЕКБАУЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қанша ауылдың бәрі осы Қамбашыға қарап отырмыз. Ал енді, біз Аралға барайын  десек, жолымыз нашар. Құдайдың құтты күні жаңбыр жауады. Егер ақшам бар болса, Германияға барып емделер едім, я Астанаға барып емделер едім.


Алдаберген ИСАЕВ, ҚАМЫСТЫБАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бірақ нәрсе біздің сұрайтымыз. Осы больницаны сақтап қалудың жолын қарастыруымыз керек. Бұл мүмкін. Бюджеттен тыс көздер болады ма, не болса да халықтың қалауына жарау керек деп ойлаймын. 

Аурухана қызметкерлері де бұған қарсы.

Зибаш ТІЛЕПБАЕВА, ҚАМЫСТЫБАС АУЫЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ МЕДБИКЕСІ:

Сіздер жұмыссыз қалмайсыздар. Бірақ штаттан тыс жұмыс болады дейді. Штаттан тыс болғаннан кейін ойланып отырмыз. Қорқып отырмыз біздің де тағдырымызға. Екі ақ медсестра қалады. Қалғандары жұмыссыз қалады деді.

Ауыл халқы медициналық мекеме 2012 жылы да жабылып қалғанын айтты. Ол кезде облыстық әкімдікке шағымдану арқылы қайта іске қосқан. Бұл жолы да тұрғындар жергілікті билік өкілдеріне жүгінген.

Нұржау ДІЛМАҒАНБЕТОВ, ҚАМЫСБАСТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Рай здравтың адамы қазір төлейтін қаржы жоқ дейді, именна осы Қамыстыбастың ауруханасына деген деді. Соның өзін әр жақтан тартқылап алып қосып беріп отырмын деді.  Жылдың аяғына дейін соны шаққа жеткіземін дейді. Сосын 2020 жылдан бастап, уже зов помощқа көшеді деді.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары күндізгі стационар жұмысын тоқтатпайтынын айтты.

Әсел ҚЫДЫРӘЛИЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Аурухана республикалық бюджеттен қаржыландырылмайды. Яғни, қаражат аудан орталығының жалпы бюджетінен бөлінеді. Ауылдық аурухананы қаржыландыра отырып, аудан деңгейінде алынатын медициналық көмектің сапасы төмендеуде. Сондықтан ауылдық аурухананы күндізгі станционарға оңтайландыру шешілді.

Ведомствода аурухана қызметкерлері жұмыссыз қалмайтынына сендірді. Алайда, шенеуніктер оларға жұмыс орындарын қай жерде және қандай жағдайда беретіндігін нақты айта алмады.

А. Данияр