Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда 7-20-25 бағдардамасы аясында 400 астам пәтер тапсырылды

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2019
  • 1285

Қызылжарда 7-20-25 бағдардамасы қарқын алды. Аталған жоба былтыр іске қосылған кезде өңірде бір-ақ пәтер сатылған болатын. Биыл көрсеткіштер әжептәуір жақсарған көрінеді. Жыл басынан бастап 2 тұрғын үй тапсырылып, 400-ден астам адам баспана кілтіне ие болды. Бағдарламаның теріскейдегі дамуы NUR OTAN партиясының отырысында сөз болды. Партиялықтардың пікірінше, жобаның әлеуетін арттыруға банктер де атсалысуы тиіс. Қаржылық мекемелер өз кезегінде бағдарламаны барынша қолдап жатқандарын айтады. Халықтың тарапынан бұл жобаға сұраныс жоғары, дейді олар. Ендігі жылы қолданысқа берілетін екі үйге қазірден бастап тапсырыс түсіп жатыр екен.

Руслан ШАРИПОВ, ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз құрылысшылармен тікелей жұмыс істейміз. Негізі қала ішіндегі және жалпы еліміздегі барлық нысандар бұл бағдарламаның аясына кіреді. Біз тұрғындардың әрбір арызын жіті қарауға дайынбыз.

А. Курманкин