Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жемқорлық пен қылмыс өршіп тұр - Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2019
  • 1745

Алматыда жемқорлық пен қылмыс өршіп тұр. Бүгін Алматыға жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президент шенеуніктер жұмысына көңілі толмады. Ал көптен бері дау туғызған Көк-Жайлау корортының тағдырына нүкте қойды. Алматыны дамыту жөнендегі кеңесте тағы не айтылды? Толығырақ тілші материалында.

Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуліктерді сынға алды. Тіпті Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялады. Президентті қаладағы экологиялық ахуал толғандырды. Көтебедегі өртті еске салды. Белсенділер әкімдікпен бірлесіп мыңдаған алма ағаштары мен қызғалдақ отырғызуды көтерген. Бірақ қала қонақтары көшеттердің көшеде жатқанын көрген.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкжайлау тау-шаңғы курортына қатысты мәселеге нүкте қойды. Енді ол жобаға тыйым салынды. Сондай-ақ Президент шаһардағы жемқорлық пен қылмыс деңгейінің ел бойынша жоғары екенін айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Заңнамаға сәйкес айыппұл мөлшерін көбейту қажет. Мас күйінде көлік жүргізген адамдар түрмеге жабылады. Оларды ауыр айыппұлдармен жазалау керек, өмір сүру құқығынан айыру, мүлікті тәркілеу сияқты.

Кездесу барысында Президент қала орталығындағы қосымша құрылысқа тыйым салды. Сондай-ақ «Алатау» кинотеатрын сүрудің қажеттілігі болмағанын атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ол Алматы үшін ерекше ғимарат. Осы күрделі құрылысты сүруге көп уақыт пен күш жұмсалды. Алматыда мұндай мысалдар көп. Қаланың орталық бөліктерінде тығыз ғимарат тұрғызуға тыйым салынуы керек.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қаладағы индустриалды аймақ жерін кеңейту мәселесін шешуге қолдау көрсетуді сұрады. Қала басшысының айтуынша, индустриалды аймақ инвестиция тарту мен жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай ақ кептеліс мәселесі де назардан тыс қалмады. Мемлекет басшысы қоғамдық көліктердің паркін жаңартуды тапсырды.

А. Аскар