Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдан қашқан қазақтар шекарашыны қызметінен айырды

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2019
  • 2773

Қытайдан қашқан қос қазақ шекараны кесі өткені үшін бөлім командирі қызметінен босатылды. Тағы бірнеше лауазымды тұлға жазаланатын болады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшысы Дархан Ділманов айты. Ал заң бұзған екеуі бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жазасын шартты түрде өтеу де қарастырылып отыр

Дархан ДІЛМАНОВ, ҚР ҰҚК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Лауазымды тұлғаларға қолданылатын жаза тәртіптік негізде. Олар қарапайым әскерилер емес, салмақты шенеуніктер. Мәселен, шекара бекетінің бастығы, шекара комендантының коменданты және бөлім командирі. Соңғысы қызметінен кетті.

Ал Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты іс қозғаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің өзі тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық жағдайдың болмауына байланысты Бағдат Мәнізоровтың ісі тоқтатылғанын мәлімдеді. Айта кетсек, оған «қызмет бабын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады» деген айып тағылған болатын.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Иә, Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бас прокурор сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына заңды бұзуға жол берген тұлғаларды дисциплинарлық тәртіпке тарту туралы ұсыныс енгізді.

Ә. Өмірзақ