Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 42 млн абоненттік нөмір сатып алынған

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2019
  • 1718

Қазақстандықтар өз атына қанша ұялы байланыс нөмірі тіркелгенін тексере алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері хабарлады.  Олар абонентке тіркелген нөмірлерді білу үшін ЖСН-ды енгізу жеткілікті деп отыр. Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко елімізде осыған дейін 42 млн SIM-карта сатып алынғанын айтты. Тіпті, кей адамдардың атына 30-40 мыңға жуық SIM-карта тіркелген көрінеді. Ал тұрғындардың көбі бұдан бейхабар. Виталий Ярошенко халықтан тек өз атына тіркелген нөмірлерді пайдалануын сұрады.

Виталий ЯРОШЕНКО, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Егер біреу сіздің SIM-картаңызды пайдаланса, ол қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер жасай алады. Тіпті, өзгенің атынан несие алған жағдайлар да кездескен.  Сондықтан оны тіркеу өте маңызды. Себебі, алдағы уақытта ол тек ұялы байланыс құралы ғана емес, мемлекет пен халық арасындағы көпірге айналады.

Ғ. Өтемісов