Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жас ана сал ауруына шалдыққан мүгедек баласына тегін ем ала алмай жүр

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2019
  • 2207

Павлодарда жас ана сал ауруына шалдыққан мүгедек баласына тегін ем ала алмай жүр. Қала тұрғыны мәселесін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында өткен қоғамдық қабылдауда аймақ басшысы Болат Бақауовқа жеткізді. Оның айтуынша, жас отбасы  қалаға баласын емдету үшін Аққулы ауданынан көшіп келіпті. Өйткені мүгедек балаға күн сайын арнайы маманнан массаж алуы керек. Бірақ, отбасының ақылы емге шамалары келмейтіндігін айтады. Оған қоса отбасы қалада пәтер жалдап тұрады. Сондықтан отағасының жалғыз табысы пәтер мен емге жетпейді - дейді, жас ана. Сондықтан баласын оңалту орталығында тегін емделуге мүмкіндік беруін сұрап отыр.

Мадина ИМАХАНОВА, ТҰРҒЫН:

Мүгедек баланы асырау өте қиын. Қиын жағдай болып тұр біз үшін. Баламызды аяқтан тұрғыз үшін барлық қолдан келгенді жасаймыз. Қандай қиыншылық келсе де, ауыртпалық түссе де, үміттенеміз ұлымыз жүріп кетеді деп.

Өз кезегінде аймақ басшысы мәселесі шешелетінін айтты. Өңір әкімінің қабылдауына 200-ден астам адам жүгінге. Көпшілігі әлеуметтік мәселелер бойынша шағымданған. «Nur Otan» партиясының «Халыққа көмек» жобасы аясында облыс басшысы 9 рет кездесу өткізіп, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған.

Бағлан АЙСАҚОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПОФ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Олардың сұрақтары шешілуде. Бақылауда ұсталады әрқашанда. 60 пайыздан аса сұрақтар оң шешілді.