Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада шатыры тесік көпқабатты үй тұрғындары көмек сұрайды

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2019
  • 3786

Елордада 250-ден астам жанұя шатыры тесік баспанада күн кешуде. Кеңес заманынан қалған үйдің тұрғындары әсіресе жауын-шашында үйден шыға алмаймыз,- дейді. Кетеуі кеткен баспанаға барып қайтқан әріптесім Асылбек Даниярдың репортажы. 

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Бұл үйде өмір сүру тұрғындар үшін қорқынышты. Төбесі шұрқ тесік, сымдары ашық-шашық. Тіпті, жаңбыр жауған кезде шатырдың аққан судың әсерінен мына жердің барлығы көлшікке айналады екен.

Көп қабатты пәтерде жауын жауған сайын осылай шатырдан су толастамай ағады. 13 жылдан бері жөндеу жұмысын көрмеген үйдің қабырғасы көгерген.  

Сыз тартқан үйде жеті жылдан бері тұрып жатқан зейнеткер Айгүл Доскиева, пәтер иелері кооперативінің жұмысына көңілі толмайды. Әкімдікке барғанмен, жауап алу қиын дейді.

Айгүл ДОСКИЕВА, ТҰРҒЫН:

Жаңбыр жауған кезде... Мында жаңбыр басталады ма, бізде басталады анда. Ана жерде как будто дыра. Сол дыраға жаңбыр первый этажға дейін ағады ғой. Өте алмаймыз коридордан.  Комнатамызға ақса не істейміз. Қайда кетеміз біз деген. Енді соған қарау керек қой акимат.

Оксана БАЛОВА, ТҰРҒЫН:

Біз төртінші қабатта тұрамыз. Жаңбыр жауса суды табақтарға салып төгеміз. Емін-еркін жұмыс жасай алмаймын, осы мәселе мені қатты алаңдатады.

Бұл баспана 1978-ші жылы салынған. 5 қабатты жатақхана шатырының цементі үгітіліп, тек арматурасы қалған. Үйге  жауапты "ВИКТОРИЯ" пәтер иелері копперативі болса, мұндай жағдайға тұрғындардың өздерін кәналайды. Есіл ауданы әкімдігі баспананың адам өміріне қауіптілігін тексеруге биылғы бюджеттен қаржы таппаған. 

Ләззат ӘЛИЕВА, "ВИКТОРИЯ" ПИК ТӨРАЙЫМЫ:

2019 жылы тек заключение істеуге ақша жоқ деп, үстіміздегі жылға яғни 2020 жылға қалдырып отыр. Ал, бұл негізінде әркімнің жеке меншігі. Квартиранттар тұрады көбінде. Даже КСК-ға да төлемейді 1 500 000 қарыз бар.

Ай сайын әр бөлмедегі шаршы метрі үшін 50 теңге төлу тиіс. Әкімдіктен қолдау күтіп, қаржысын өз панасы үшін қимаған тұрғындар әзірге шатыры тесік, сымдары ашық, қабырғасы көгеріп, қақыраған баспанада өмір сүре бермек.

А. Данияр