Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-дағы «Бұқтырма цемент компаниясы» 79 жұмысшысын еш ескертусіз қызметінен қуған

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2019
  • 3780

Шығыс Қазақстан облысындағы «Бұқтырма цемент компаниясы» өз жұмысшыларын еш ескертусіз қысқартуға жіберген. Олардың ішінде декреттік демалыстағы әйелдер мен мүгедектер де бар. Не істерін білмей дал болғандардың бірі отбасының жалғыз асыраушысы болса, енді бірі - зейнет жасына жақындағандар. Араларында осы кәсіпорында табан аудармастан 30 жыл бойы еңбек еткендер де бар.

Зинаида СОЛОДНЯК, ЖАҢА БҰҚТЫРМА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Күйеуімді аяқ астынан қысқартып тастады. 15 қарашадан кейін 63 жасқа толып, зейнетке шығатын. Бірақ зауыт басшылығы оған да қарамады. Енді зейнетке шығуына бір апта қалған кезде жұмыссыз қалды.

Дауға араласуға ешкімнің дәрмені жоқ. Өйткені, жұмысшылардың өздері еңбек шартының біржақты жасалуына жол берген. Ал компания қожайыны - немістің «Хальдерберг цемент» компаниясы қысқартуға кәсіпорынды модернизациялау мен нарықтағы бәсекелестік себеп деді.

Лариса СИНИЦИНА, «БҰҚТЫРМА ЦЕМЕНТ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ:

«Хальдерберг цемент» компаниясының басшылығы жұмысшыларды жаппай қысқарту туралы шешім қабылдады. Өйткені құрғақ тәсілмен цемент өндіретін кәсіпорын көп. Біз басқа тәсілді қолданамыз. Сондықтан біздің мекеме шығынды азайтып, өндірісті оңтайландыру үшін осындай шешім қабылдады.

Е. Карин