Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 15 жасар оқушы жаттығу кезінде есінен танып жан тапсырды

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2019
  • 2724

Алматыда қазақ спорт және туризм академиясының оқушысы жаттығу кезінде есінен танып құлап, артынша жан тапсырған. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты іс қозғады. Ал баскетбол жаттықтырушысы қызметінен шектетілді. Әсем Лесбек толықтарды.

Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 6-лар шамасында қаладағы мына қазақ спорт және туризм академиясында болған. 9-шы сынып оқушысы сыныптасымен сабақтан кейін әдеттегідей баскетбол жаттығуына келіпті. Ойыншылар жанында жаттықтырушылары да болған. Ойын кезінде 15 жастағы оқушы өзін нашар сезініп, жерге құлаған. Мекемеге жедел жеткен жедел жәрдем қызметкерлері жеткіншекті тексеріп жүрегінің тоқтап қалғанын анықтайды.

Шайхиддин БАДИРОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

103 бөліміне 18:02 шамасында шақырту келіп түсті. Бригада сегіз минут уақытта жеткеннен кейін барлық көмек көрсетіліп, реанимациялық жағдайлар көрсетіліп, жедел-жәрдем бригадасы келгенге дейінгі өлу биологиялық өлімі анықталды. Негізгі өлім себебі белгісіз.

Қаза болған оқушы қаладағы нөмірі 94-шы мектеп-гимназиясының үздік оқушысы болған. Мектеп директоры оның бір үйдің жалғыз баласы екенін айтты. Спорт пен сабақты қатар алып жүрген алғыр еді деді. Оқиға болған күні ол таңертең сабақта да күндегідей алаңсыз жүргені бейнебақылау камерларысына жазылып қалған.

Айгүл БОТАБЕКОВА, № 94 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сабаққа келді толық отырды, барлық сабаққа қатысып үйіне кетті. Ален бұл мектепте бірінші сыныптан бастап оқып жүрген бала, осы уақытқа дейін денсаулығына ешқандай шағымы болмаған. Бұл жағдайдың болғанына бәріміз аң-таңбыз. Күтпеген жағдай. Өте мінезі ашық, досы көп мұғалімдердің балалардың сүйіктісі.

Ал қайғылы оқиға орын алған мекеме басшылығы, қаза болған баланың қолында денсаулығында кінәрат жоқ деген қағазы болғанын айтады. Жаттығу алаңдарына мұндай медициналық анықтамасыз жіберілмейді деді. Жаттықтырушы да осал емес, спорт саласында 10 жылдан астам тәжірбиесі бар маман екенін жеткізді.

Мұхтар ЕСҚАЛИЕВ, ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ:

Жаттықтырушы әрине біліктілігі өте жоғары маман, жоғары білімді. Осы идене шынықтыру спорт ғылымы бойынша доктор. Өзі бірнеше жыл кәсіби деңгейде баскетболмен шұғылданған.

Қазір бұл жағдайға қатысты Полиция тергеуді бастаған. Сондай-ақ, жасөспірімнің өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы да тағайындалыпты. Ал баскетбол жаттықтырушысы тергеу істері аяқталғанша жұмысынан уақытша шеттетілген.

Ә. Лесбек