Русский Сайттың толық нұсқасы

Ырым-тиымды қалай пайдаланып жүрміз?

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2019
  • 5567

Сіз ырым, тиымға сенесіз бе? Болмысымызда бар бұл дүниені ертеде тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Жат әдеттерден тыюға шақырған. Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдар тізбегі бүгінгі тыныс-тіршілігімізде қалай қолданылып жүр? Бұл сауалға Асылбек Данияр жауап іздеп көрді.

Балғабай мен Балтабай Ыбрайымбековтер 70-ке келіп қалған егіздер. Олар ырым-тиымға сенеді. Өздерін де көп жағдайда ауызға түкірту, баланың тұсауын кесу сынды жоралғыларды жасауға шақыртады екен. Әсіресе егіздің сыңары Балтабай ерекше қасиетке ие.

Балтабай ЫРБАЙЫМБЕКОВ,  НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазақ деген ырымшыл, дұрыс ол ырым деген нәрсе. Сол айттым ғой, Қарағандыға тойға барғанда жас жігіт өзің сияқты. Келіп «ағай, сіздер егізсіздер ғой» егізбіз дедім. Ендеше, менің келіншегімнің аузына түкіріңізші дейді. Жарайды, қарсы болмасаң түкірейік. Сосын сегіз айдан кейін звондайды. Ағай «менің келіншегі егіз туды» деп.

Қария бұл кездейсоқ жағдай екенін жоққа шығармайды. Ең бастасы мақсат қойып, ниет етсе, қалауы орындалады деді зейнеткер. Өздері Кеңес заманында дүниеге келген. Ол кезде өте сирек құбылыс еді, деді.

Балғабай ЫРБАЙЫМБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Целиноградта, Ақмола облысында егіздер болмады.   Кейіннен шықты жаңа айттым ғой Нығматулин Ерлан-Нұрландар бар. Олар да ұқсас. Оларды бір кіндіктен. Одан кейін де үшем, төртем қазір көбейді ғой енді.


Ал, ақ халаттылар бұл ырымды қолдамайды. Олар ауызға түкіру денсаулыққа қауіпті екенін ескертеді. Мұндай "сиқыр" арқылы бала көтеруде ақылға сыймайтынын айтады

Жәмила ТАҢЛАШЕВА, №1 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бала көтермеген әйелдерге аузына түкірсе, бала босанады деп. Бұл мұған қарама-қайшы. Бұл сәйкестік болуы мүмкін. Мен оған сенбеймін медициналық тұрғыдан. Бұл гигиеналыққа жатпайды ауызға түкіру.

Тарихшы Ыбырайым Бабаев та баланың аузына түкірту бар болғанымен, әйел адамның аузына ырымдап түкіру ерсі қылық деп есептейді.

Ыбырайым БАБАЕВ, ТАРИХШЫ:

Енді ол мен үшін теріс қылық. Өйткені үлкен адамның аузына түкіру деген. Егерде жаңағы өзіміздің артымыздан өсіп келе жатырған өскелең ұрпаққа, үлкен тұлғаларға түкіртіп алуға ол дұрыс деп санаймын.

Қалай болғанда да қазақ ырымға сенеді. Егіз Ыбрайымбековтер мұнда тұрған ештеме жоқ. Тек жанымен қалап ниет еткен жандардың меселін қайтармадық дейді. Дегенмен ырымды жасау, тиымға сену ол әр адамның өз құзырындағы дүние ғана. 

А. Данияр