Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада журналистерді еске алу кеші өтті

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2017
  • 3756

Астанада соңғы жылдары қаза болған журналистерді еске алу кеші өтті. Оған марқұмдардың туған-туыстары, достары мен әріптестері келді. Игі шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Шараға Тұңғыш Президент қоры мен Астана әкімдігі ұйытқы болды. Арнаулы кешке жиналғандар қаза болған Қазақстан журналистерінің өмір жолымен, шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды. Олардың арасында «Астана» радиосының тілшісі Әлия Жүсіпова да бар. Ол өткен жылдың желтоқсан айында мерт болған еді.

Бауыржан Жақыпов, А. Жүсіпованың күйеуі:

Мұндай кештер керек, өйткені жаңа буын өткенді білсе екен. Алдыңғы буынның жүріп өткен жолы, кейінгілерге сабақ болса, жастар жаман жолға түспейді. 

Сәдібек Түгел, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысының тең төрағасы: 

Бұл шоу емес, бұл өте қастерлі, қасиетті тағылымы мол, мәні зор игі іс-шара. Жаңағы жалпы ұлттық рухани бағдарламасының  талаптарына сәйкес келетін, былай айтқанда, рухани жаңғырудың басы осы біздің асылдарды құрметтеуден басталады. Соны біз бүгін жүзеге асырып отырмыз. 

Еркін КАРИН