Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдардың көрме-сайысы өтті

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2019
  • 3476

Абақтыда жасалған. Атырауда сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдардың көрме-сайысы өтті. Олар күнделікті қолданыстағы нан, сабын, тіс пастасы, мақта, мата қалдықтарын, тіпті пайдаланылған таксафон карточкаларын кәдеге жаратқан. Нәтижесінде көздің жауын алатын дүниелер туған. Мысалы, мына диванды азаматтық некедегі күйеуін өлтірген 33 жастағы келіншек жасаған. Одан өзге ұлттық киім, сабыннан жасалған ыдыс-аяқ, түрлі картинкалардағы талғамға қарап, абақтыда жасалған деуге сену қиын. Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, осындай қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысушылардың бостандыққа мерзімінен бұрын шығуға да көмегі көп, - дейді.

Олжас ЖАМАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЖД СОТТАЛҒАНДАР ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

 
Бұл шарадан жеңімпаз атанған сотталғандарға алғыс жарияланады. Алғыс жарияланғанда алдағы уақытта сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын ұсынғанда немесе бас бостандығынан өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыру. Бас бостандығынан шектеу айыппұл түрінде. Сол кезде сотқа құжаттар жолданғанда оларға жеңілдік болады.

Мәселен, «Сафари» туындысының да авторы азаматтық некедегі жолдасына аса ауыр дене жарақатын салған әйел. Ол қалған екі жыл 7 ай жазасын жеңілдетілген түрге ауыстырып, бүгін бостандыққа шыққан. Қолөнер бұйымдарының барлығы балалар үйіне сыйға тартылады. Айта кетейік, бүгінгі көрмеге Атыраудағы УГ-157/11 бөлімі, яғни әйелдер колониясының сотталушылары қатысты. Онда дәл қазір 136 әйел жазасын өтеп отыр. Сотталушылардың тең жартысы - кісі өлтіріп түскендер. Сондай-ақ алаяқтық пен есірткі тасымалы үшін отырғандар да бар.

Б. Надирқызы