Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысының ауылдарында балалар мен жастарға арналған мәдени орындар тапшы

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2019
  • 2063

Қарағанды облысының ауылдарында балалар мен жастарға арналған мәдени орындар тапшы. Сондықтан шалғайдағы дарынды жастар жарыққа шыға алмай отыр. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне үміткер белсенділерді іріктеу дебатында айтты. Кандидаттар сынақтан өтсек, ең алдымен ауыл проблемасын шешуге ат салысамыз,- деп отыр. 

Боташ НОҒАЙОВА, ҮМІТКЕР: 

Кандидаттық резервке кірген кезде біз үлкен өзіміздің жауапкершілігімізді одан да нығайтамыз. Талаптың күшейтілуі адамның жан- жақсы болуына, өзінің атқаратын шаруасына жауапкершілікпен қарауға, әділеттілікті, адалдықты, сенімді нығайтады. 

Абай ауданына қарасты Топар кентінде өткен дебатқа 60- тан астам адам қатысады. Олар «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының кадрлық резервіне үміткерлер. 30 пайызы жастар. Қалғандары білім мен мәдениет саласының тәжірибелі мамандары. Үміткерлер мәдениет, білім, әлеуметтік саланы жақсартуға бағытталған жеке бағдарламаларын ұсынған. Іріктеу Қарағанды облысының елді мекендерінде қарашаның 15-іне дейін жалғасады.  

А. Қуаш