Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда қаруланған жігіттің бейнеролигі тексеріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2019
  • 2102

Бұл бейнетаспа әлеуметтік желіде қызу тарап кетті. "Астана біздікі" деп сес көрсеткен жас жігіттердің қолындағы бұл қаруларға, елде тыйым салынған. Оларды күзет қызметіне ғана, оның өзінде рұқсат қағазбен ұстауға болады. Желіккен жастар травматикалық екі тапанша және автоматқа ұқсас қаруды көрсеткені бейнеде анық көрінеді. Құзырлы органдар бұл бейнетаспаны тексеруге алыпты. Тексерістердің қорытындысына орай, жаза көлемі белгіленетінін жеткізді.  

Сағат МӘДИЕВ, ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Біріншіден, ол кісіні белгілеу керек, кім екенін. Екіншіден, ол қаруды белгілеген соң, қару ол қандай? Мынау оқ ататын, адам өлтіретін, зақым келтіретін қару ма, сондай, сондай емес пе екен, соны белгілейді. Ар жағында ондай болатын болса, қылмыстық іс қозғап, қылмыс істі тексеру жұмысын өткізеді.

А. Асқар