Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы қаласы Бостандық ауданының судьясы 3000 АҚШ доллары көлемінде пара алған деген күдікке ілікті - Ш.Қабдұла

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2019
  • 2074

Алматы қаласы Бостандық ауданының судьясы 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деген күдікке ілікті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла айтты. Судья азаматтық іс бойынша шешімді кейінге қалдырғаны үшін, алған параны сенім білдірген азаматқа қайтару кезінде әшкереленген. Сондай-ақ, жыл басынан бері осы сияқты 7 іс тіркеліп , 4 судья жауапқа тартылған.  

Шыңғыс ҚАБДОЛА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Барлық іс тексерістен өткізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа тәуекел еткен бірнеше адам жауапқа тартылды. Мәселен, өткен аптада 8 қараша күні Алматы қаласының Медеу аудандық судьясы 45 миллион теңге пара алғаны үшін сотталды. Оларға сот кінәсінің деңгейі бойынша шешім шығарады.

А. Данияр