Айдарымызға кезек берсек. Арнамызға көмір таситын жүк көліктерінің қожайындары шағымданды. Олар көмір сататын орындардан тиеп шыққан жүк, үнемі 1 тоннаға кем болатынын айтады. Айтуларынша көмір сататын орында таразы дұрыс өлшемейді. Хабарласқан көлік жүргізушісі есімін айтудан бас тартты. Күнделікті табысынан айырылып қаламыз ба деп қорқады {ШУМ:}
Көктал 28/2 көмір сататын тупиктарда 800 кг 700 кг недостача болып жатыр. Ал оны ішкім бақылап жатқан жоқ. Ал біз мысалы водительдер барып айтатын болсақ, айтады: екінші қайтадан кіргізбейміз, сендер көмір алмайсыңдар, болды, дейді. Сосын водительдер үндемейді, айта алмайды. 500 тг төлейміз де электронные весы-ға кіреміз, а электронный весы да 700-800 кг недостача.
Көктал шағын ауданындағы «Шұбаркөл» көмірін сататынын жерді анықтадық. Дәл қазір біз осы сауда бекетінің менеджері Асқар Дауылмен тікелей эфирде байланысқа шығамыз. Асқар Оразалыұлы қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Шағымды естіген боларсыз?!
Асқар ДАУЫЛ, КӨМІР САТУ БЕКЕТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:
Иә, бұрыннан көтеріледі бұл мәселе. Түсіндіріп өтейін. Бізде механикалық таразы. Ол электронныйлардан қарағанда дұрыс көрсетеді. Сондықтан осы түрін қолданып келеміз. Максимум 200-300 келі көп, не аз салып жіберуіміз мүмкін. Ал олар тексерген электронды таразы. Ол мынадан қарағанда қате көрсетеді. Сондықтан көпшілігі бізді әдейі салады деп ойлайды.
- 200-300 келі деген де аз емес, егер сіздерден осындай қате кетіп жатса, оның ақшасын сатып алушы кімнен өндіреді?
Асқар ДАУЫЛ, КӨМІР САТУ БЕКЕТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:
Олай анықталып жатса, әрине. Біз өз мойнымызға аламыз. Жетіспеген келіні апарып береміз.
- Жүргізушілер осындай проблемаларды айтсақ, екінші бізге көмір бермей қоямыз деп қорқытады, дейді. Неге? Бұл заңсыз әрекет қой.
Асқар ДАУЫЛ, КӨМІР САТУ БЕКЕТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:
Жоқ, егер біздің әріптестер осындай бірдеңе деген болса, анықтаймыз. Түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Алдағы кні жүргізушілер мен қызметкерлерімізбен жиналыс өткізіп, екінші бмұндай жағдай қайталанбайды деп уәде береміз.
- Рақмет, бізбен тікелей байланыста болған көмір сату бекетінің менеджері Асқар Дауыл. Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауап іздейміз. Сонымен қатар, егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео материал жолдаңыз.
Ә. Өмірзақ