Русский Сайттың толық нұсқасы

Полигон зардабын тартқан азаматтар әлеуметтік жеңілдік көрсетілуін сұрайды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2019
  • 2000

Семей полигонының зардабын тартқан азаматтар әлеуметтік жеңілдік көрсетіліуін сұрайды. Айтуларынша, оларда қоғамдық көліктерде, әуе және теміржол билеттеріне жеңілдік жоқ. «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына келгендер партиядан мәселені шешіп беруді сұрады. Бұдан бөлек, полигон әсерінен мүгедек атанғандар баспана кезегіне де тұра алмай жүр.  

Ғабидолла ОСПАНҚҰЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Осының барлығын да біз қазір құзырет-құзыретіне сай, мемлекеттік органдар болсын немесе Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі болсын мына сұрақтарыңыздың барлығын жолдатын боламыз. Билет туралы айтқан мәселеңіз өте орынды. Бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы тапсырма берді.

А. Асқар