Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда оқушы зорлығынан соң облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2019
  • 4535

Таразда оқушы зорлығынан кейін жауаптыларды жұмыстан шеттету әлі жалғасып жатыр. Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова да қызметімен қош айтысты. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары айтты.  

Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Кешегі оқиғадан кейін облыстық Білім басқармасының басшысы біріншіден педагог, екіншіден өзінің моральдық тұрғыда жауапкершілігін сезіне отырып, өз еркімен өтініш берді. Өтініші қанағаттандырылды. Бірақ оның осы облыстағы басқару саласында тәжірибесі ескеріледі. Алдағы уақытта жұмыссыз қалмайды. Бұл енді басқа басшыларға сабақ болады деп ойлаймын.

Білім басқармасының басшысы бұл орында 2 жарым жыл істеген еді. Айта кетейік, облыс әкімінің орынбасары қалалық білім бөлімінің басшысы да қызметінен кететінін айтып қалды. Бірақ, ол қазір денсаулығына байланысты жұмыста болмағандықтан қызметінен шеттету жағы кейінге қалып отыр. Оқу ошағындағы оқыс жағдайдан бас-аяғы 11 адам қызметінен қуылды. Бұдан бөлек, 4 бірдей лауазымды полиция қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланған. Ал, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов мектептерге 4 мыңнан астам бейбақылау қондырғыларын алуға бұйрық берген. Оған келер жылдың бюджетінен 54 млн теңге қарастырыпты. Бүгін депутаттар да бұл мәселеге тоқталды. Ирина Унжакова әжетхана мектеп ішінде болуы тиіс деп отыр. Әрі мектептегі балалар қауіпсіздігіне қатысты нұсқаулықты жетілдіруді ұсынды.  

Д. Әлімқұл