Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясы бақылауға алуы тиіс аймақтардағы ең негізгі 5 мәселе анықталды

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2019
  • 4238

«Nur Otan» партиясы бақылауға алуы тиіс аймақтардағы ең негізгі 5 мәселе анықталды. Бұл туралы Қоғамдық саяси институтының директоры Юлия Кучинская "Nur Otan" партиясында өткен брифингте айтты. Ол елімізің 14 облысы мен ірі қала тұрғындары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға 18 жастан асқан 1700 адам қатысқанын жеткізді. 

Онда жалақыны көтеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешу, және әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрес проблемалары өзекті деп танылған. Айтуынша, партияның жұмысын қайта жандандыру туралы хабарланғаннан бері арада аз уақыт өтсе де, сауалнамалар нәтижесі оң өзгерістерді көрсетті.

Еділ ОСПАН, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Әлеуметтік зерттеудің қорытындыларсына сәйкес, азаматтардың 75% -ы партияның қоғамдық қабылдауы туралы білетінін, 22% партияның қоғамдық қабылдауы бөлмелеріне жүгінгенін және 15,9% партияның көмегімен өз мәселелерінің шешкенін айтқан.Зерттеу қорытындысы тамыз айымен салыстырғанда "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауы көмегімен шешілген сұрақтардың 5 % -дық пунктке артқанын көрсетіп отыр.

А. Данияр