Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жайық" өзеніне кешенді зерттеу жасап жатқан мамандардың алғашқы қорытындылары

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2019
  • 2504

Балық шаруашылықтары су маржандарын өсіру үшін тазартылған "Жайық" суын пайдалану керек. 80 млн теңгеге кешенді зерттеу жүргізіп жатқан ғалымдар осылай деп отыр. Бүгін Атырауда салаға жауаптылар мен қоғам белсенділері бас қосты. Олар ғылыми-өндірістік орталық мамандарының алғашқы нәтижелерін тындады. Тілшіміз толықтырады.  

"Жайық" өзеніне арнайы зерттеуді мамандар жазда бастаған еді. Бүгін алғашқы қортындыларымен бөлісті. Олардың пайымынша балық шаруашылықтарын өндіріс орталықтары маңына орналастырмау қажет.  

Евгении КУЛИКОВ , "БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ- ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ" ЖШС АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: 

"Жайық" өзені орта дәрежеде ластанған. Бұл өзге де өзендерге тән құбылыс. Біз балық өсіру шаруашылықтарына өзен суын тікелей пайдаланбау керек деген қорытындыға келдік. Яғни суды тазартып барып пайдалану керек. Су фенолмен, ауыр металдармен ластанған. Сондықтан балықты таза суға өсіру керек.

Кешенді зерттеу жұмыстары өзеннің Каспий теңізінен бастау алатын тұсынан төменге қарай 7 учаскеде жүргізілген. Гидрологиялық, вирусологиялық , токсикологиялық секілді 8 бағыт бойынша бірнеше мәрте сынамалар алыпты. Бірақ қоғам белсенділері бұл көрсеткіштер "Жайық" өзенінің нағыз ахуалын көрсете алмайды,- деп отыр.  

Галина ЧЕРНОВА, ТӘУЕЛСІЗ ЭКОЛОГ:  

Жазда жасалған зерттеу жұмыстары толық мәндегі зерттеу емес. Жазда да, тіпті күзде де алған сынамалар нағыз ахуалды көрсете алмайды. Нағыз көрсеткіштерді көктемде алуға болатын еді. Өкінішке орай кешігіп барып жүргізілді. Дегенмен, осы мәліметтерді пайдаланып, өзеннің ластану динамикасын, оның флора мен фаунаға әсерін бақылауға болады.

Қоғам белсенділерінің пікірімен ғалымдар да келіседі. Олар өзеннің нақты жағдайын білу үшін кем дегенде 3 жыл үздіксіз зерттеу жүргізу қажет екенін айтты.   

Тыныштық ҚАМИЕВА, "БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ- ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ" ЖШС АТЫРАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:  

2-3 жыл бойы қатарынан зерттеу жүргізу керек, сонда ғана біздер "Жайықтың" жағдайын қандай жағдайда, балықтың жағдайын, ихтиамасс, ихтиафаунасының қандай күйде екенін біз анықтай аламыз. Сондықтан дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, зерттеу жұмысын Жайықтың жоғары бөлігінен бастау керек дейді. Ол да дұрыс болар.

Дегенмен зерттеуші мамандар нақты қорытындыларды желтоқсан айында жариялайтындарын айтты. Естеріңізге салайық, аймақты былтыр "Жайық" өзенінен 118 тонна балық қырылып қалды. Оның 108 тоннасы бекіре өсіру зауыттарының өнімі. Қазір осыған сай Қылмыстық кодекстің «Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге әкелген жерүсті суларын ластау», «Аса ірі залал келтірген 10 бөтеннің мүлкін абайсызда жою» баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотта қаралып жатыр. Айыпталушы орындығында «Атырау су арнасы» коммуналдық мекемесінің бұрыңғы басшылары отыр.  

Б. Надирқызы