Русский Сайттың толық нұсқасы

Қайырымдылық балының аукционына Томиристің алқасы қойылады

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2019
  • 2438

Елордада өтетін ХІІ Қысқы қайырымдылық бал аукционына Томиристің алқасы қойылады. Фильмде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсын «Болашақ» корпоративтік қорына сақ патшайымы пайдаланған әшекейді тапсырды. Салтанатты шарада актер Арнольд Шварценеггер және жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың қолтаңбалары бар лоттар да ойнатылмақ. Жиналған қаражат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталады. Қайырымдылық балынан 7 жылда 400 миллионнан астам қаражат жиналған. Түскен ақшаға бүгінде республика бойынша 43 инклюзияны қолдау кабинеті ашылыпты. Енді аутизм синдромы бар балалар мектепке баруға мүмкіндік алып отыр. Қор директоры Динара Шайжүнісова халықты игі іс жасауға шақырды. 

Динара ШАЙЖҮНІСОВА, «БОЛАШАҚ» КҚ ДИРЕКТОРЫ: 

Бұл тек көңіл-көтеріп қана қоятын мереке емес. Қаражат жинаудағы басты құрал. Өйткені осы іс-шараның арқасында осындай ауқымды жетістікке жетіп отырмыз. Әрі қарай да ерекше балалар мен түрлі диагноз қойылған жандарға көмекті күшейте түсетін боламыз. Қайырымдылықты әр адам өзі үшін жасайды.

Ғ. Өтемісов