Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ІТ- мамандар тапшы

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2019
  • 2728

Қазақстанда ІТ- мамандар тапшы. Ресми дерек бойынша елдегі бұл көрсеткіш 70 %- ға жуықтайды. Сарапшылардың айтуынша, ІТ- саласын дамыту үшін Қазақстанда технологиялық кәсіпкерлерді көбейтіп, барлық мекемені цифрландыру керек.

Әділет НҰРҒОЖИН, «ASTANA HUB» IT - СТАРТАПТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕХНОПАРКІ» КҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Әрбір салада  ІТ- мамандар жеткіліксіз, мүлдем. Қазақстан бойынша бүткіл салада ІТ мамандары жетіспейді. Бір- екі ІТ- маман ол маман емес, ол аз. Цифрландыру мақсатында сол саланы цифрлық тұрғыдан дамыту негізінде  қарайтын болса, менің ойымша, әрбір мекемеде цифрландыру бөлімі, цифрландыру департаменті болу керек. Бағыт болу керек, жоспарлар болу керек.

«Astana Hub» халықаралық  ІТ- стартаптар технопаркі алғаш рет Қарағандыда «Стартап мектебі» тегін курсын өткізді. Оған ІТ саласында толық піспеген идеялары бар жүзге тарта жас кәсіпкер, студенттер шақырылған. Ұйымдастырушылар қысқа мерзімде олар ұсынған жобаларды тыңдап, оны ары қарай іске асыруға қолдау жасайды. Мақсат - мемлекетке алақан жаюды қоя алмай келе жатқан классикалық бизнестен технологиялық кәсіпкерлікке көшуді жеделдету.

А. Қуаш